Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен вице-премьер Асқар Мырзахметов сөзге келіп қалды

Конституция бойынша еліміздегі екінші адам, Ауыл шаруашылығы министріне жарнамадан қолы тимей жүр деп айып тақты. Спикердің сынына шамданып қалған Мырзахметов әлі толық жүзеге аспаған жоспардың нәтижесін талап ету орынсыз екенін айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

a541b5c95c9beacb409949b91d4572e7

Негізі сенаторлар есеп-қисапқа жауапты министрлерді шақыртып, былтырғы бюджеттің тиімді жұмсалуын талқылауға жиналған болатын. Бірақ, күтпеген жерден қазына қаржысы жайына қалып, халық қалаулылары Ауыл шаруашылығы министрін жан-жақтан  қыспаққа алды.Тіпті үсті-үстіне үдей түскен шабуылға спикердің өзі де араласып, отқа май құйғандай болды.

Сөйтсе, жоғарғы палатаның ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламаларға мүлдем көңілдер і толмайды екен. «ҚазАгро» холдингі арқылы шаруаларға деп жылда миллиардтаған субсидия бөлінгенімен,  қазына қаржысы құмға сіңген судай, нәтижесі жоқ. Мәселен, үкімет былтыр ірі қара етінің экспортын 60 мың тоннаға жеткізуді жоспарлаған. Бірақ керісінше, биыл ет өнімдерінің экспорты 45 пайызға төмендеп кеткен.

“Ауыл шаруашылығы министрлігіне жылдан қыруар қаржы бөлінеді. Ал аграрлық салада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тиімді технологияны пайдаланып жатқан жоқпыз. Тек егін алқаптарын кеңейтумен күнелтудеміз”, – дейді Сенат депутаты Серік Біләлов.

Асқар Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрі болған соң  2017-2020 жылға арналған жаңа бағдарлама жазып шыққанын айтып, ақталуға тырысты. Субсидия берудің талаптарын да қайта қарап шығыпты. Енді жаңа жоспары жүзеге асса, ауыл шаруашылығы өнімі 30 пайызға артады дейді. Дегенмен бұл жауапқа Сенат төрағасы сенген жоқ. Тоқаев тіпті Ауыл шаруашылығы министрінің өзін жарналамаудан қолы босамайтынын бетіне басты.

“Біріншіден, бұл бағдарлама енді ғана басталып жатыр. Сондықтан басталмай жатып қазір «анау қайда, мынау қайда?» деген кішкене артық деп есептейміз. Соған қарамастан осы қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда біз жаңа бағдарламаның нәтижесін көріп отырмыз. Нақты  деректер бар”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

Мырзахметовтің жүйкесін жұқартып болған соң «Самұрық Қазынаның» мәселесі май шаммен қаралды. Сенаторлардың айтуынша, еліміздегі ең ірі ұлттық компания қазынадан қаржы сұрауын тоқтатпаса,  соңы дағдарыспен тынуы мүмкін.

“Самұрықтың” жұмысы ашық емес. “Самұрық-Қазына” Парламентке, я болмаса халыққа есеп бермейді. Бұл жақсылыққа апармайтын ахуал деп мен ойлаймын. Бір күні үлкен дағдарыс болады осы мәселе бойныша. Оны ашық айтуымыз керек”, – дейді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, сенаторлар мемлекеттік шығын мен кіріске де алаңдап отыр. Елімізде пайда көлемі төмендеп, шығын керісінше 7 есеге артқан. Ол аздай мемлекеттік сыртқы қарыз да соңғы он жылда 15 есеге өскен. Қазір Үкіметтің 9 триллионға жуық берешегі бар.


Жіберіп алмаңыз:

Ахметжан Есімов Қырғызстан президентінің ЭКСПО туралы “қызғанышына” жауап берді

Назарбаев Грузия президентіне тың ұсыныс жасады

Жамбыл облысының әкімі ағылшыншаны жетік меңгергенін паш етті

Бас полицей Қасымов «Қашқын министрлердің» жарысында бірінші орын алды

Талқылау