Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Грузия президентіне тың ұсыныс жасады

ЭКСПО-ны көзбен көру үшін бүгін Грузия президенті Астанаға келді. Георгий Маргвелашвили халықарлық көрмедегі өз елінің павильонын ресми түрде ашпас бұрын Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

“Көптен келуді ойлап жүрген едім. Қазақстанның қарқынды дамып жатқанын өз көзіммен көрдім. Таң қалып отырмын. Грузия қазақ халқының ұзақ жылдар бойы көрсеткен қолдауын жоғары бағалайды”, – деді Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.

Ағынан жарылған Маргвелашвили әр сөзінде Қазақстанды мақтаумен болды. Онысы бекер емес сияқты. Өйткені, Астана Тблисиге миллиардттап ақша салып отырған ірі инвесторлардың бірі. Мәселен, қазақ кәсіпкерлері қазір әйгілі Батуми портының қожайыны. Грузия болса, еліміздің батыс өңіріне отандық шараптарын, көкөніс мен жеміс-жидек жеткізіп отыр.
Енді мемлекет басшылары екі елдің алыс-берісін, барыс-келісін тоқтатпақ емес. Әсіресе, Батуми портының мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек. Бұл ретте Назарбаев «Жібек жолы» обасыны аясында Грузияны да Қазақстан сынды транзиттік мемлекетке айналдыруға болатынын айтты.

“Біз Қазақстан үшін Батуми порты мен Батуми терминалының маңызы туралы айтты. Ол жерлерді қазір қазақстандық компаниялар басқарып отыр. Егер біз тариф бойынша министрліктер арасында келісім жасайтын болсақ, онда бұл жол Қазақстан, Қытай, Грузия үшін де тиімді жолға айналмақ. Тиісінше біздің еліміздің транзиттік мүмкіндігін арттырады”, – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Елбасы Татарстанға сіңірген еңбегі үшін орденмен марапатталды

Атамбаев Қазақстанды қызғанып қалды: Егер мен осыншама ақша құртатын болсам, мені тірідей өртеуші еді

Қазақстан мен Қытай бірлесіп кино түсіреді

Путин Астанада Қытай төрағасымен қалжыңдасты (видео)

Талқылау