Елбасы Татарстанға сіңірген еңбегі үшін орденмен марапатталды

Дүйсенбі, 12 Маусым , 2017 21:56

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановпен кездесті.

2504460

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов Астана мен Қазан арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Миннихановты Ресей күнімен құттықтап, екі ел арасында қалыптасқан достық қатынастар туралы айтты.

“Ресеймен де, Татарстанмен де арамызда достық қарым-қатынас орныққан. Қазақтар мен татарлар тарихы, мәдениеті, тілі мен әдет-ғұрпы жағынан бір-біріне өте жақын. Экономикалық байланыстарымыз да жақсы. “KAMAZ” кәсіпорнымен жұмыс жүргіміз келеміз, Алматыдағы тікұшақ зауытына қатысты жобаны іске асырудамыз. Осы және басқа да экономикалық байланыстарды, соның ішінде мұнай химиясына қатысты байланысты жалғастыра беру керек”.

Татарстан президенті Қазақстанға келген миссиясы туралы айтып, елордамыздың жаңа архитектуралық нысандарын және “Астана ЭКСПО-2017” көрме кешенін аралап көргеннен кейінгі әсері жөнінде ой бөлісті.

“Бүгін ЭКСПО-дағы экспозициямызды аштық. Сонымен қатар, Қазақстандағы серіктестерімізбен бірге болашақ жоспарларымызды талқыладық. Көрме кешені мені қайран қалдырды. Сізді көрменің ашылуымен құттықтаймыз. Сондай-ақ, қала көшесіне Сүйімбикенің аты берілуіне орай ризашылығымды білдіремін”, – деді Минниханов.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” жолын салу аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және Қазақстан мен Татарстанның көліктік-транзиттік әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады. Кездесу соңында Минниханов Қазақстан президентін “Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін” орденімен марапаттап, Мемлекет басшысын Татарстанға келуге шақырды.

Тағы да оқыңыз:

Былықтың беті ашылды: «Самұрық-Қазынада» тендердің бәрін жалғыз кәсіпкер ұтып отырған

Алматыда танымал кәсіпкердің ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар