Былықтың беті ашылды: «Самұрық-Қазынада» тендердің бәрін жалғыз кәсіпкер ұтып отырған

Дүйсенбі, 12 Маусым , 2017 21:30

Еліміздегі ұлттық компанияларды жаппай тексеру күтіп тұр.  Өйткені, “Самұрық Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» сынды холдингтерде жемқорлар саны күрт көбейіп кетіпті, деп хабарлайды КТК арнасы.

6334b4f28716e6ab6507b81fb03

“Ұлттық компаниялардың тиімді дамуына жемқорлық кедергі болып отыр. Қылмыстық істер көбейді, биыл небары төрт айда 51 қылмыс тіркелген. Оның тең жартысы мемлекеттік сатып алуға байланысты”, – дейді Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Яғни, ұлттық компаниялар мемлекеттік тендерді май шелпекке айналдырып алған. Холдингтегілер бюджеттің миллиардттарын қалаған кәсіпкерге береді де, қалғанын байқауға қатыстырмайды. Оларды тексеріп жатқан ешкім жоқ. Ал бизнесмендер: «ұлттық компаниялар тендерге қатысу үшін пара сұрайды»  деп жиі шағымданды дейді Шпекбаев.

Мысалы, «Самұрық-Қазынадағы»  тендердің 94 пайызын жыл бойы жалғыз компания ұтып отырған. Сондықтан, жемқорлыққа қарсы агенттік квазимемлекеттік сектордың қазына қаржысын қалай және қайда жұмсағанын жіті тексеруді және тендерді электронды жүйге көшірулі ұсынды. Сонымен қатар, байқау өткізетін қызметкерлерді екі жылда ауыстырып тұру қажет. Ал Қаржы министрлігі ұлттық холдингтерді тескеру үшін арнайы заң жобасын әзірлеп жатыр.

“Жаңа құжатқа сай, біріншіден, Қаржы министрлігі  «Самұрық Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» сынды ұлттық компанияларға тендер өткізудің біріңғай тәртібін белгілейді. Екіншіден, министрлік мемлекеттік сатып алудың қалай жүргізілгенін тексереді”, – дейді ҚР Қаржы министрлігінің департамент директоры Сәбит Ахметов.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда танымал кәсіпкердің ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты

Тек нан жеп, су ішем: ОҚО-да оқушы қыз өгей анасының ұратынын айтты

Астанада көлік жүргізген бүлдіршін желі қолданушыларының наразылығын туғызды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар