Ресейдің Омбы мектептерінде қазақ тілі пәні енгізілді

Бейсенбі, 5 Мамыр , 2016 9:28

Омбы облысының мектептерінде қазақ тілі пәні енгізілді. 1 қыркүйектен бастап кез келген оқушы қалауы бойынша қазақша оқи алады.

20160505015214

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Сонымен қатар балабақшаларда арнайы сыныптар ашылды. Омбы қаласының тұрғыны Ләззат Шахуова қолы қалт ете қалса, құрақ көрпе, қалта, жастық, ұлттық киімдер тігеді. Ою-өрнектерін де өзі ойлап табады. Шебердің үйінде қазақы құндылықтардың иісі аңқып тұр.

«Омбыда той көп. Достарым, туыстарым сұраса, тапсырыстарын тігіп беремін. Уақытым болғанда жай ермек етемін», – дейді Омбы қаласының тұрғыны  Ләззат Шахуова.

Ресейде тұратын қандастарымыз құндылықтарын ерекше қастерлейді. Омбыда бірінші ұлттық киімдер дүкені ашылды. Кәсіпкер тауарды Қазақстаннан тасиды. Енді осындай сауда нүктелерін басқа да қалаларда ашуды жоспарлап отыр.

«Өткенде бір келіншек келіп, тұсаукесір тойына ақ жол сатып алды. Соңғы жылдары қазақтар салт-дәстүрге көп көңіл бөліп келеді. Барлық іс-шараларды ұлттық нақышта өткізуге тырысады», – дейді сатушы Диана Ыбрайымова.

Омбы облысында 100 мыңнан астам қандасымыз мекен етеді. Осында тұратын қазақтар туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жан
7 ай 3 күні кері

Алақай

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар