Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдегі «Туған жер» қазақтар фестивалінде 10 мың қонақ болды (фото)

Ресейдегі Чесмен ауданында өңірлік «Туған жер» фестиваль-байқауы өтті. Оған Челябі облысының 13 аумағы, сонымен қатар Қостанай облысы Меңдіқара ауданының делегациясы қатысты.

20160808155100

Мерекеге шамамен 10 мың қонақ барды, деп хабарлады u24.ru.

Фестивальде оннан астам түрлі байқау мен жарыс өтті. Оның ішінде күрес пен бәйге бар.

20160808155239

Киіз үй және ұлттық бұрыш байқауларына алты аудан қатысты. Троицкідегі «Арман» қазақ орталығының өкілдері жеңіске жетті. Үздік ұлттық бұрышты Уйск ауданының өкілдері ресімдеді.

20160808155229

Қазақ шығармашылығы байқауында 30-дан астам ұжым бақ сынасты. Мерекелік концертте сахнаға 150 артист шықты. Гран-при Қызыл ауданының намысын қорғаған Айша Кенжеболатоваға бұйырды.

20160808155234

Қазақтың жеті ақ жаулықтысы бас жүлде үшін таласты. Олардың жасы 65-тен 80 жасқа дейін. Нағайбақ ауданының өкілі Қыным Ішімова жеңіске жетті.

20160808155118 (1)

Мерекеде қонақтар ұлттық тағам – еттен дәм татты. Ауданның үздік аспаздары бір тонна ас әзірлеген.

Талқылау