Ресейде бал ашып, балгерлікпе айналысу алаяқтыққа жатқызылатын болды

Көршілес Ресей елінің бақсы-балгерлерінің басына қара бұлт үйірілетін болды. Мемлекеттік Дума заңға түзету енгізіп, олардың «оғаштау» кәсіптерін алаяқтықтың бір түріне жатқызатын болмақ.

Қабылданатын құжатқа сәйкес, бақсы-балгер, сиқыршы, экстрасенстердің ақылы қызметіне енді алаяқтық пен бопсалау баптары бойынша тыйым салынады, деп жазады muslim.

Мемлекеттік Думаның әлеуметтік саясат және ардагерлер ісі жөніндегі өкілі Сергей Вострецовтың айтуынша, бұл мәселе бақсы-балгерлерге алданған жүздеген ресейліктердің арызынан кейін қозғалып отыр. Алайда, осы орайда «Экстрасенстер шайқасы» атты телебағдарлама туралы ешқандай пікір айтылмаған.

Соған қарағанда, Рсей Федерациясының Қылмыстық кодексіне жаңа қызмет түрі енгізілетін сияқты: «сиқыршылық» немесе «магиялық қызметтер» дегендей. Яғни, аталмыш қызметтің өзіне тыйым салынбайды, тек осы қызмет түрін пайдаланып арзан ақша табуға тосқауыл қойылмақ.

Тағы да оқыңыз:

Бесінші қабаттан құлаған алты жасар баланы құтқарған жігіттің кім екені анықталды

Сириядан қашып келген оралдық әйел «Ислам мемлекеті» құрамына қалай кіргенін айтып берді

Алматыда апалы-сіңлілерді өлтірген қанішер үшінші адамның көзін жойып үлгерген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар