Сириядан қашып келген оралдық әйел «Ислам мемлекеті» құрамына қалай кіргенін айтып берді

Бейсенбі, 7 Желтоқсан , 2017 11:23

29 жастағы әйел Сириядан қашып Оралдағы ата-анасына келді. Күйеуі Сириядан кете алмай, жалғыз қалған, деп жазады Мой город.

29 жастағы Дина 2011 жылы үйінен қашып Пәкістанға аттанған. Ол елде сүйіктісімен үйленіп, 3 жыл тұрған.

Өзінің айтуынша күйеуімен желі арқылы танысады. Заңсыз шекара асып, Қазақстаннан Түркияға кетеді. Екі қызы өмірге келген соң, ғаламтор арқылы видеороликтерден Сириядағы жағдайды көреді. Онда барлығы жақсы болып көрінген. 2015 жылы  халифат құрылды дегенде отбасымен бірге Сирияға аттанған.

«Сирияда жүргенде екі қызымды өмірге әкелдім. Сирияда біз ойлағандай болмады. Онда шариғат заңыме өмір сүрмейді. Бізге уәде берге ақшаны бермеді. Ұнамаса қайта кетуге болады деген. Бірақ оның бәрі жалған. Бір барған оң қайту мүмкін емес. Соңғы рет тек 30 доллар ғана берді. Ол ешнәрсеге жетпейді», – дейді Дина.

«Сириялық бір азамат әйелдерге кетуге болатын жолды нұсқады. Бірнеше әйел болып күрдтерге барып, берілетінімізді айттық. Ол жерден Ресейге алып кетті. Ресейде Оралға ата-анама келдім», – дейді әйел.

Динаның айтуынша, күйеуі әлі де Сирияда. Ер адамдардың ол елден кетуі қиын. Егер отбасының қашып кеткенін білсе, оны өлтіреді. Әйел өзінің де, күйеуінің де жауынгерлік соғысқа қатыспағанын айтты.

Қазір көп балалы ана құжаттарын рәсімдеп, балаларын мектепке, бала бақшаға апармақ. Көп балалы ананы Сирияда болғаны үшін жауапқа тартпайды.

Юлия Мутылова

Тағы да оқыңыз:

Алматыда апалы-сіңлілерді өлтірген қанішер үшінші адамның көзін жойып үлгерген

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар