Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда апалы-сіңлілерді өлтірген қанішер үшінші адамның көзін жойып үлгерген

Алматыда криминалды полиция қызметкерлері екі әйелді пышақтады деген күдікпен ер адамды ұстады.

Ер адам тағы бір қызды өлтіргенін мойындаған.

«Ұсталған адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыс арақ ішудің кесірінен болғаны  анықталды. Ал 23 жастағы қызды 1983 жылы туған Замаддин Палтуев ақша үшін өлтірген», – деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, Алматыда қанішердің қолынан апалы-сіңлілілердің қаза тапқаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Оқиға бойынша 34 жастағы ер адамға іздеу жарияланған еді.

Бірі 30, екіншісі 16 жерден пышақталған Людмила Тимофеева мен Ольга Суслина осыдан бес күн бұрын түнжарымнан ауған шақта өз үйінде өлі күйінде табылған болатын. Олардың денесін өртеніп жатқан үйдің ішінен көршілері алып шыққан.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік заңгер халықты несиемен тонаған банктерді сотқа берді

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Тағы бір қазақстандық азамат ғарышқа ұшады

Талқылау