Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірінің әурет жерін, екіншісінің омырауын кесіп алған: Алматыда қылмыскер екі әйелді жауыздықпен өлтірген

Алматыда қанішердің қолынан қаза тапқан апалы-сіңлілі екеу жер қойнына тапсырылды. Ал адам миына кіріп-шықпайтын қылмыс жасаған жауыз әлі іздестіріліп жатыр,-деп жазды КТК арнасы.

Бірі 30, екіншісі 16 жерден пышақталған Людмила Тимофеева мен Ольга Суслина осыдан бес күн бұрын түнжарымнан ауған шақта өз үйінде өлі күйінде табылған болатын. Олардың денесін өртеніп жатқан үйдің ішінен көршілері алып шыққан. Ал күдікті ретінде 34 жастағы Замандин Палтуев іздестіріліп жатыр.

Қайғырып қара жамылған мына адамдар ажал құшқан екеудің туыстары, таныстары мен көршілері. Қайыр айтуға балаларының сыныптастары да келген. Болған жайды камера алдында айтып беруге туған бауырларының ешқайсысының дәті бармады.

Бақилыққа кеткен Людмила Тимофееваның артында 3 баласы, ал Ольга Суслинаның бір ұлы қалды. Іші түгел өртенген баспананың қабырғалары ғана қауқиып тұр. Бәріне кінәлі жауыздың жасаған ісі адамды түңілдіреді.

«Ольганың жатырын, ал Люданың омырауын кесіп алған деп естідім. Одан қалды, тамағын осып, денесінің де сау-тамтығын қалдырмаған дейді. Тіпті, есі дұрыс емес адамның да мұндай әрекет жасауы екіталай ғой. Үйіміздің жанында осындай болып жатқасын, өзіміз де қорқып отырмыз»,-дейді  марқұмның туысы Любовь доденгефт

Осы айдың бірінен екісіне қараған түні болған қанды оқиғаның шет-жағасы көрші үйлердің бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Онда екі аяғын әрең басқан біреу жайбарақат кетіп барады.

Кейін белгілі болғандай, видеодағы адам күдіктінің дәл өзі болып шыққан. От қаулаған үйді өшіріп жатқан өрт сөндірушілердің онымен ісі жоқ.

Осы жантүршігерлік қылмыстан жапа шеккен үшінші бір адам бар. Серік есімді жігіт Люда мен Оляға көмектесуге келгенге ұқсайды. Бірақ, жауыз оны да ауыр соққыға жығып, ол қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, бұл оқиға да осындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалғанға ұқсайды. Бірақ тергеу құпиялығына байланысты ол еш жерде жарияланбай отыр.

Тергеу шараларының құпиялығына байланысты үшінші адам туралы ақпарат әзірге жасырын болып тұр. Белгілісі, миы шайқалып, тілге келмей қиын жағдайда жатыр екен.

Ал басты күдікті көлденең жүрген біреу емес, марқұмдардың танысы болып шықты. Жалпы ауыр қылмысқа ішімдіктің де әсері бар деген болжам айтылуда.

Оқи отырыңыз:

Астанада жеті жылда алғаш рет қаhарлы қыс қарсыз басталды

Бала күнінде ауырып емханаға түскен қыз бен бала 20 жылдан соң үйленді (фото)

Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек

Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты

 

Талқылау