Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде аңшы «Газпром» мұнай компаниясының екі менеджерін атып тастады

Ямало-Ненецк автономиялық округінің тұрғыны аңшылықта жүргенде «Газпром Переработка» компаниясының 2 бөлім басшысын атып тастады.

Агенттіктің деректеріне сүйенсек, компания қызметкерлері бірге аң аулауға шыққан. «Аңшылықта жүргенде олар өзара сөзге келіп, дауласып қалады, содан кейін атыс басталған», – делінген хабарламада.

Оқиғадан жөндеу-механикалық қызметінің бастығы Андрей Ходаков пен жанар-жағар май бөлімінің бастығы Денис Свистунов қаза тапты.

Тергеушілердің айтуынша, оқиға Янао ауылынан 90 шақырым жерде болған.

Оларды өлтірген 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жанжал ішімдік ішу салдарынан шыққан.

Талқылау