Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 64 жастағы ана 73 жетімді бағып өсірген

Ресейдің Дондағы Ростов қаласында тұратын 64 жастағы Татьяна Васильевна Сорокина өзінің ұлы мен қызына қоса, балалар үйінен және қараусыз қалған 73 баланы асырап, бағып-қағып өсірген.

20160206062924

Бұл туралы кеше ресейлік «Бірінші арнаның» «Мужское-Женское» тележобасында көрсетілді.
Ресейдегі жетім балалардың отбасылық балалар үйлерінде тәрбиеленуіне белгілі балалар жазушысы, қоғам қайраткері, Ресей балалар қорының төрағасы, академик Альберт Анатольевич Лиханов мұрындық болған екен.

1988 жылы оның бастамасымен елде 578 отбасылық балалар үйлері ашылып, 5 мыңға тарта жетім балалар отбасыларында аналардың мейірім-шуағына бөленген.

Осы бастамаға алғашқылардың бірі болып үн қатқан алтын жүректі ана Татьяна Васильевна күйеуі Михаил Сорокин екеуі осы жылы алғашқы 5 жетім баланы қамқорлығына алған.

Бүгінде осынау үлкен шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп, жапырақ жайған 73 баланың біразы азамат болып, ат жалын тартып, үйленген, оқу бітірген, жұмысқа орналасқан.

Олардың арасында мүгедек жандар да аз болмаған, олар ана мейірімі мен шуағының арқасында салауатты азаматтар санатына қосылған. Олардың өзінен бақытты ана 25 немере сүйіп отыр.
Бір қызығы, осы отбасында тәрбиеленген балалардың бірде-бірі қылмысқа ұрынбаған, салауатты азамат болып өсіп-өніп, жақсы тәрбие алған.

Татьянаның өзінен туған қызы Анна да бүгінде 10 бала өсіріп отыр, олардың да көпшілігі жетім балалар. Ал сіңлісі осындай 32 бала тәрбиелеп отыр.

Татьяна үшін еш баланың бөтендігі жоқ. Үлкен шаңырақтың осынау үлгісіне хабарға қатысқандардың таңданысы зор болды. Жақында ғана күйеуін жер қойнына тапсырған абзал ана бұдан былай да қамқорлыққа мұқтаж жандарды қанатының астына алып, солар үшін өмір сүрме

Талқылау