Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей спортшылары Сочи олимпиадасындағы жүлделерінен айырылуы мүмкін

Сочи олимпиадасының былығы ашылатын күн де жақындап қалды. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) комиссиясы 2014 жылғы Сочи олимпиадасы барысында допингтік алаяқтық жасалды деген шағымға қатысты тексерудің қорытындысын 18 шілде күні жария етпек.

doc6e4q6ico41v1kae6slua_800_480

Сурет vm.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын “Ресейдің допингке қарсы зертханасының бұрынғы басшысы Григорий Родченков ресейлік спортшылардың Сочи-2014 қысқы Олимпиадалық ойындары кезінде ондаған, соның ішінде 15 медаль иегерлері тыйым салынған препараттарды қолданғанын жария етті. Былтырғы жылы қызметінен кеткен Г.Родченковтың мәлімдеуінше, ресейлік допингке қарсы қызметкерлер мен арнайы күзет қызметкерлері Сочидегі Олимпиадаға жақсы дайындалып, 2014 жылғы Ойындардың барысында 100-ге жуық допинг-сынамаларын құпия түрде “тазаларына” ауыстырған”, – деп мәлімдеген болатын.

Григорий Родченковтің айтуынша, қысқы ойындарда медаль алған спортшылардың кемінде 15-і тыйым салынған дәрілерді қолданған көрінеді. Осыдан соң WADA сарапшылық комиссиясын құрып, жұмысқа кіріскен болатын. Оны тәуелсіз сарапшы Ричард Макларен басқарып, тексеру барысына WADA менеджері, Интерполдың бұрынғы агенті Мэттью Хольц жетекшілік етті.

Қазір ресейлік спортшылардан алынған 52 допинг-сынаманың 49-ынан мельдоний табылып отыр, делінеді Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі таратқан хабарламада. Кейін аталмыш ұйым ресейлік спортшылар допинг-сынама тапсырудан жаппай бас тартуда деп мәлім еткен еді. Енді алдағы аптаның басында Сочи олимпиадасына қатысты допингтің қорытындысы белгілі болады.

Талқылау