Ресей құрамасының олимпиадалық костюмі желі қолданушыларының күлкісін келтірді (фото)
Ресей Федерациясының Рио олимпиадасына киіп баратын олимпиадалық формасы желі қолданушыларының күлкісі мен наразылығын қатар тудырды.
Рустем Адагамов есімді Фейсбук қолданушысы, өз парақшасында құрама мүшелерінің суретін жариялап, сыни пікір білдірген.
“О Құдайым, Ресей Федерациясының олимпиадалық формасын кімдер тіккен? Суреттегі кімдер? Даяшылар ма? Қонақүйдегі швейцарлар ма? Әлде КВН командасы? Қандай сұмдық”, – деп жазды ол.
Ол кейінірек Куба спортшыларының суреттерін салып, солардың киімдерін мысалға келтіреді.
“Міне нағыз олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың ресми киімін жасаған кәсіби шеберлік. Әдемі әрі лайықты. Кристиан Лубутен және Куба құрамасының спортшылары. Айырмашылықты қараңыздар”, – деді Адагамов.
Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасының да олимпиадалық киімі сынға ұшырап, кейін комиссия аталмыш жұмысты қайта қарастырған еді.
Талқылау