Ресей Қарағанды облысынан жалға алған жерде зымыранды сынақтан өткізді

Ресей әскерилері Қарағанды облысындағы Сары-Шаған полигонында жаңартылған зымыранды сынақтан өткізді.

Бұл шара сәтті жүзеге асырылған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты басылымның хабарлауынша, заманауи гипер дыбысты зымыранның әлемде баламасы жоқ. Барлық параметрлер бойынша қолданыстағы НАТО классификациясының «ГАЗель» зымыранынан асып түседі. Әсер ету қашықтығы 100 шақырымға жуықтаса, тосқауыл жасау биіктігі 30 шақырым. Сондай-ақ қарсы тараптың шартты баллистикалық нысанасын бірнеше секундта жоюға қауқарлы.

“Зымыран жаңғыртудан өткен ПРО жүйесіндегі барлық компоненттер сияқты белгілі бір аумақты сенімді қорғай алады. Бұл дербес немесе топтық зымырандық шабуылдар болуы да мүмкін. Тіпті құрлықаралық баллистикалық зымыранды пайдалана отырып, қарсыластың зымыранға қарсы жүйесін айналып өте алады”, – дейді  РФ әуе-ғарыш күштеріне қарасты бірлестік қолбасшысының орынбасары Андрей Приходько.

Айта кетейік, сынақ өткізілген Сары-Шаған әскери полигонын Ресей Қорғаныс министрлігі жалға алған.

Тағы да оқыңыз:

Біз ғана ма хайуан болып кеткен: Заңгер Қазақстандағы кей заңдардың ақымақтықтан туғанын айтты

Зымыранның ұшқанын бақылап тұрған өзгепланеталықтар видеоға түсіп қалды (видео)

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қазақстанда дағдарыстың аяқталғанын мәлімдеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар