Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз ғана ма хайуан болып кеткен: Заңгер Қазақстандағы кей заңдардың ақымақтықтан туғанын айтты

Заңгер Джохар Өтебеков Қазақстандағы адам саудасы мен тәртіпсіздікті сөз етті.

«Бұған дейін Алматыда науқастың бүйрегін заңсыз алған азаматты соттағаны хабарланған еді. Айыпталушы бүйрек үшін 10 мың доллар төлемек болған. Сатушыны желі арқылы тапқан. Қалалық №7 емханада науқастың сол жақ бүйрегін алып салдырған. Алайда отадан соң бүйрегін берген жігіттің жағдайы нашарлап, көз жұмды.

Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыны 6 жыл 8 айға соттауды сұрады. Қалалық сот оны 1 жылға соттады», – деп жазады заңер желідегі парақшасында.

«Мұндай ақымақтықтан туған заңдарды кім шығарған? Өлейін деп жүрген адамды да соттай ма? Басқа елде мұндайды естімеппін? Біз ғана ма хайуан болып кеткен?

Есі дұрыс елде заңсыз әрекеттер жасайтын дәрігерлерді соттайды. Не себепті Денсаулық сақтау министрлігінің донор беру келісімі жайында нақты ережесі жоқ? Неліктен емхана дәрігерлерінің қолынан бәрі оп-оңай өткен?

Кедейшілігімізді көріп таңғалам. Адам ағзасын саудалау неліктен қара нарыққа айналған?», – деп жазады заңгер Джохар Өтебеков.

Айта кетейік, 2017 жылы дәрігерлер науқастың бүйрегін алу кезінде ішінде 5 медициналық майлықты ұмытып кеткен еді. Денсаулық министрлігі бұл жайтқа түсініктеме бере отырып, дәрігерлердің кінәсін дәлелеуі керек екенін айтты. Ал, адам ағзасын саудалауға қарсы күресті дереу қолға алатынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде тұрғындар несие рәсімдегені үшін комиссия алған банктермен соттасып жатыр

Алматы базарында манты сатқан азамат қала орталығынан үлкен мейрамхана ашты

Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)

 

Талқылау