Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қазақстанда дағдарыстың аяқталғанын мәлімдеді

«Қаржылық дағдарыс діңкелетеді» деп жарты әлем дабыра болып жатқанда Қазақстанда дағдарыс бітіп қалыпты. Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов осындай мәлімдеме жасады.

Бірақ, Дәленов мырза елдегі кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылықтың өте жоғары екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды 31 арна.

“Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4 процентке өсті. Ол – әлемдік экономиканың өсімімен және көрші елдердің өсімінен жоғары. Яғни, қазір экономикалық дағдарыс жоқ деп айта аламын”,  дейді ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов.

Тіпті былтыр жалақы азайды деп қалды. «Дағдарыс аяқталды» деген вице-министр енді осы кедейлік пен байлықтың айырмашылығын реттеуді биылдан бастап қолға аламыз деді. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе жұмыс істеу керек болары сөзсіз.

Бұл ведомоствоға жаңа ғана министр болып барған Мәдина Әбілқасымованың Ұлттық экономика министрлігінен кеткенін алға тартқан Руслан Дәленов бірлесе жұмыс істеу оңайлай түседі деді.

Тағы да оқыңыз:

Біз ғана ма хайуан болып кеткен: Заңгер Қазақстандағы кей заңдардың ақымақтықтан туғанын айтты

Елімізде тұрғындар несие рәсімдегені үшін комиссия алған банктермен соттасып жатыр

Алматы базарында манты сатқан азамат қала орталығынан үлкен мейрамхана ашты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар