Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Болмановқа «Ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қызметкері» атағын берді

Былтыр қазақстандық танымал продюсер Қыдырәлі Болманов Ресейде ғылыми диссертация қорғап, PhD доктор атанған болатын. Енді, міне, Болмановқа «Ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қызметкері» атағы беріліп отыр.

лоор

Бұл туралы Қыдырәлі Болмановтың өзі желідегі парақшасында жариялады. Ғылым жолына қандай мақсатпен түскенін әңгімелеп берген ол бұл еңбегі өз елінде еленбесе де, өзге елден лайықты марапат тапқанын айтып, сүйінші сұрады.

«Осыдан 5-жыл бұрын ғылыми диссертация жазып, зерттеу жұмыстарымен айналыса бастадым, әрине ғалымдардың жетекшiлiгiмен… Аяқ астынан ғалым болайын деп емес, балалар ойыншығын шығара бастағанымда мақсатым ойыншық сату емес, ұрпақ дамуына, тәрбиесiне бала-бақша методистерiне балалармен жұмыс iстейтiн, оларды ғылыми негiзде дамытатын “методикалар” жасау!!! Мектеп жасына дейiнгi балаларды педагогика, этнопедагогика, этнопсихология ғылымдары негiзiнде тек қана ғылым ережелерiмен, ғылым қағидалары бойынша дамытып, тәрбиелеудi Бiлiм Министрлiгiнiң мектеп жасына дейiнгi балалар тәрбиелеу жүйесiн жасай отырып, алтын қазық қағып тастау – түпкi мақсат!!! Ондай үлкен iстi ғылымсыз жасау – ақымақтық!!! Монтисоридан бастап, небiр әлем ғалымдарын оқып, оқығанымды зерттеп, өз ғалымдарымызбен ғылыми диссертация жазып, оны Ресей ғалымдарының алдында қорғап шықтым… Диссертация қорғап болган соң, Ресей Академиясы Халықаралық Доктор PhD ғылыми дәрежесін берді…» – деп бастады сөзін танымал продюсер.

14310823_1700645506924411_4008145746430787584_n

Одан кейін Болманов өзі жүргізген ғылыми жұмыстың этнопедагогикада жоғары бағаланғандығын, арада бір жыл өтпей жатып-ақ, ресейлік ғалымдардың тарапынан шақырту түскенін тілге тиек етті.

«Этнопедагогика ғылымында менiң жұмыстарымды “Ноу-Хау” технологияланған ғылыми-зерттеу ретiнде, жаңалык ретiнде аталып өткен болатын… 1-жыл толмай жатып, ресейлiк ғалымдар мониторинг жасатып, менiң басқа да жұмыстарымды зерттеп, назар аударып, астын сызып, бағалап, осындай марапатты шақырту жiберiп отыр… Бiздiң шенеунiктер марапаттамақ түгiлi фамилиямызды да сұрамайды… Үкiмет “заслуженныйын” бермесе де, Англия королевасының орденiн, Ресей ғалымдарының марапатын бергiзiп, абыройымды асқақтатып отырған Аллаға сансыз мадақ!!!» – деп түйіндеді сөзін ол.

Желі оқырмандары Болмановты алған марапатымен шын жүректен құттықтады.

Жіберіп алмаңыз: 

Қарақат: Менің Қыдырәліге деген сезімімді оятқан «Тамшылар» әні (фото, видео)

Болманов: Қазақ эстрадасындағы алғашқы бейнебаянға екі бөлмелі пәтердің ақшасын жұмсадым

Қыдырәлі Болманов өзін “Сәуле Әбединованың жолдасы болған” дегендерге жауап берді

Қыдырәлі: АБК-ның дүркіреп тұрған кезінде хат жазып жүрген небір сұлуларға қарай алмадым

Талқылау