Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Регина Вандышева: Жігіттеріміз өсек айтудан алдыларына жан салмайды

“Қазақстан аруы-2014” байқауының жеңімпазы Регина Вандышева инстаграмдағы парақшасында өзін байдың ерке баласы деп атағандарға жауап қайтарды.

12224075_1672635386347324_1084452987_n

Фото: instagram.com/reginavandysheva/

Еліміздің ең сұлу аруларының бірі Регина өзін ата-анасының ақшасының арқасында шалқып жүргенін айтқандарға наразы. Бойжеткен адамды сырт келбетіне қарап сынауға болмайтынын айтып жатыр.

“Бірінші кезекте ер азаматқа адал болу керек. Қыз балаға жаман әдет, шылым мен ішімдіктен аулақ болған жарасады. Мені көреалмайтындар артымнан түрлі алып-қашпа сөз таратып, әр жерде бір қыдырып жүретінімді айтады. Ісімді де, сырт келбетімді де жасандылыққа балайды. Адамды ешуақытта бір көргеннен сынауға болмайды. Аз білсек те, сынауға құмармыз ғой. Мен өзіме 100% сенімдімін. Тәртіп пен ұяңдық қашан да қыз баласының серігі болған”, – дейді Вандышева.

Мұнымен қатар, бойжеткен өсек сөзге құлақ түріп, қыздарды айыптауға дайын тұратын жігіттерді де сынады.

“Бір қызды екіншісіне айырбастауға дайын тұрасыңдар. Өсек айтудан алдыларыңа жан салмайсыңдар! Өздеріңді ғана жақсы көріп, мұқтаждықтарыңды өтеп, өзімшіл екендеріңді дәлелдейсіңдер. Барлығына “Біз жігітпіз, бізге болады” деп жауап қайырасыңдар. Қалай десек те, біздің ата-әжелеріміздің махаббатымен құндылықтары өзгеше, пәк болған. Питерде жүріп қарттардың қол ұстасып бара жатқанын бақылаған сондай күшті. Олардың өмір атты ұзақ жолда бірге келе жатқанын түсінесің. Махаббатсыз дүние бос”, – деп Регина Вандышева өзінің сезімтал жан екенін айтып өтті.

24 жастағы Регина Вандышева 2014 жылы “Қазақстан аруы” байқауының жеңімпазы болған. Қазір Санкт-Петербургте менеджмент саласы бойынша білім алып жатыр. Мұнымен қатар, түрлі қайырымдылық шараларға қатысып жүр.


Жіберіп алмаңыз:

Регина Вандышева «Әлем аруы» тізіміндегі  үздік 15-тік қатарынан көрінді

Регина Вандышева “Әлем аруының” спорт байқауында өнер көрсетті

Регина Вандышева “Әлем аруы – 2015” сұлулар сайысында өнер көрсетті (видео)

Николай Басков «Қазақстан аруын» биге шақырып, сұхбатқа тартты (видео)

Талқылау