Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"RealBet" ЖШС Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 100 миллион теңге аударды

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарында болған жойқын су тасқынына байланысты "RealBet" ЖШС "Biz Birgemiz Qazaqstan" қоғамдық қорына 100 млн теңге аударды.

Қаражат зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қажетті көмек көрсетуге, соның ішінде тұрғын үйді қалпына келтіруге, бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға және медициналық көмек көрсетуге бағытталады.

"Осындай қайғылы оқиғалар орын алған кезде бәріміз бірігіп, бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. "RealBet" үшін Қазақстан - жай жұмыс орны емес, ол біздің үйіміз. Отандастарымыздың қиналғанын көру жүрегімізді ауыртады. Біз шетт қалмай, оларға апаттың салдарын жеңуге және өз өмірлерін қалпына келтіруге көмектесуге атсалысқымыз келеді", - деді "RealBet" ЖШС-ның Бас директоры Жанат Нагимтаев.

"Тек күш біріктіру арқылы біз осы ауқымды апаттың зардаптарына тиімді қарсы тұра аламыз және біздің отандастарымызға мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға көмектесе аламыз, тіпті біз көп болған кезде, әр адамның аз ғана үлесі үлкен өзгеріс жасай алады", - деп қосты Жанат Нагимтаев.

Ел үшін осынау қиын күндерде "RealBet" зардап шеккендердің барлығына қайғылы оқиғаның салдарын еңсеруде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Компания мемлекеттің, бизнестің және қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында қазақстандықтар кез келген сын-қатерлерге төтеп беріп, одан да күшті әрі біртұтас ел бола түседі деп сенеді.

"Біз Қазақстанның барлық бизнес қауымдастығына су тасқынынан зардап шеккендерге баға жетпес қолдауларыңыз үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің атсалысуларыңыз өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіру және жүздеген қазақстандық отбасыларға көмектесу үшін өте маңызды, біз сіздердің көмектеріңізбен, бірқатар өңірлер үшін жоғары вольтты генераторлар, үрлемелі қайықтар, рациялар және құтқару кеудешелері сатып алдық.

"RealBet" ЖШС-ға осы қиын кезеңде қосқан үлесі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қайырымдылық қолдауларыңыз қиын жағдайда қалған көптеген адамдарға тікелей көмектеседі", - деп пікір білдірді"Biz Birgemiz Qazaqstan" қоғамдық қорының төрағасы Қайрат Перизат.

Талқылау