Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналдудың Лионель Месси ойнайтын клубқа ауысу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

Америкалық “Интер Майами” футбол клубы “Аль-Наср” шабуылдаушысы Криштиану Роналдуды командасына ауыстыру мүмкіндігін қарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ua-football.com

Журналист Абдулазиз Аль-Осаимидің дерегінше, “Интер-Майами” президенті Дэвид Бекхэм португалиялық жұлдызды МЛС клубына ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. 

“Дереккөз ақпараты бойынша, Бекхэм Роналду мен аргентиналық шабуылдаушы Лионель Мессидің бір командада ойнағанын қалайды. 

2022 жылғы күзде Роналду “Манчестер Юнайтед” құрамында доп теуіп жүрген кезде БАҚ Бекхэм португалиялық шабуылдаушымен келіссөз жүргізіп қойды деген ақпарат таратқан еді”, – деп хабарлады Vesti.kz сайты. 

Айта кетейік, “Аль-Наср” командасы мен Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду италиялық “Ювентуспен” сот процесін аяқтады.

Пандемия кезінде Криштиану Роналду клубпен жалақыдан уақытша бас тарту туралы келісімге қол қойды. Бірақ ол кейінірек төленуі керек еді. Сот төрелігінің шешіміне сәйкес "Ювентус" футболшыға 9 миллион 774 мың 166 еуро (47 млрд теңгеге жуық) төлеуге тиіс. 

Кей деректерге сүйенсек, Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясындағы жалақысы – жылына шамамен 200 миллион еуро (95 млрд теңгеден астам).

Талқылау