Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өгей әке 3 жасар қызды соққыға жығып, итпен бірге үйшікте түнеткен

Қырғызстанда 3 жасар қыз түрлі дене жарақаттарымен Ыстық-Ата облыстық ауруханасына түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Чуй қалалық ішкі істер басқармасының тексерісі кезінде қыздың анасымен және 28 жастағы өгей әкесімен бірге тұратыны анықталды.

Тергеушілердің айтуынша, өгей әке баланы үнемі ұрып-соққан. Оның үстіне соңғы рет ер адам қызды итпен бірге үйшікте түнеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін ол ауруханаға жеткізілді.

Қырғызстан Республикасы қылмыстық кодексінің 138-бабы "Азаптау" бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Талқылау
Пікір
Гулим
07 Мам, 24 жыл - 23:08

Сумдык-ай! Адамдар не болып бара жатыр😟. Алла сактасын!