Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин өзіне сыйлық ретінде берілген тәжді өлшеп көруден бас тартқан

Ресей президенті Владимир Путин  Геннадий Хазанов сыйлаған тәжді киіп көруден бас тартқан. Артис ерекше сыйлықты  президенттің туған күніне орай арнайы жасаған.

754489765678738

Бул туралы РБК сайты жазған.

Хазанов император тәжінің көшірмесін  ел президентімен кездесуге арнайы алып келген.  Путин Хазановты 70 жасқа толуымен құттықтай отырып  бірінші дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттаған еді.

Интерфакс басылымының хабарлауынша   Геннадий Хазанов БАҚ көзінше президентке тәжді тапсырмақшы болған. Кейіннен Путиннің «Жоқ,жоқ бізде бәрін түсіріп жатыр» деген жауабын жазбай –ақ қоюды сұраған.

Президент өнер адамының сыйлығын алып өз басына кигізген.

«Сіз кішілеу зат сыйлағаныңызда оны өзіммен алып кететін едім. Енді бұл затты Кремльге өткізуге тура келеді»,-деп әзілдеген.

Артис тым болмаса жұмыс бөлмесіне қоюды сұраған.

Путин ол ұсынысқа да «жоқ» деп жауап берген.

«Тәжді туғанкүн иесі киюі тиіс» деп артистің басына кигізіп шығарып салған.

Талқылау