Психологтар балалар үшін ең қауіпті мультфильмдердің тізімін жасады

Дүйсенбі, 31 Қазан , 2016 8:39

Психологтар балалар үшін ең қауіпті мультфильмдердің тізімін жасады. Мамандар бала экрандағы болып жатқан жайға сеніммен қарайтынын басты назарға алды. Сонымен бірге олар сол кейіпкерлерге жиі ұқсағысы келетінін, балалар үшін ол өмірдегі адам ба, әлде қиялдағы персонаж ба, бәрібір екенін алға тартуда.

20161031075045

Мамандардың пікірінше, «Маша мен аю» мультфильмі балалар үшін ең қауіпті болып саналады. Себебі мультфильмдегі Маша қыз ерке әрі тәртіпсіз. Ойындағысын орындамай қоймайтын шолжаң, деп жазды ҚазАқпарат.

Екінші орында – америкалық «Монстр Хай» мультфильмі. Бұл мультфильмде жаргон сөздер көп болғандықтан ол баланың тіліне, сөздік қорына кері әсерін тигізбей қоймайды.

Үшінші орында – «Губка боб», психологтардың пікірінше, мультфильмнің басты кейіпкері жанжалға өте бейім. Боб үнемі достарына қарсы шығып, олармен дауласып жүреді.

Келесі орынға мамандар «Том мен Джерри» мультфильмін қойып отыр. Психологтар мультфильмде тышқан ылғи Том мысықты қорлап, мұқататынын, ал мысық болса одан бар ашуын алатынын айтады.

Мамандар ата-аналарға балалары көретін мультфильмдерге назар аударып, егер ол жағымсыз болса, көрсетпеген дұрыс деген кеңес береді.

Жіберіп алмаңыз: 

Ғалымдар ерлерге ішуге арналған жүктіліктен сақтандыратын дәрі ойлап тапты

Елімізде алғаш рет күйзелістен арылу бөлмесі ашылды (видео)

Ғалымдар балағат сөз айтудың денсаулыққа зиян екенін айтады

Дініміз бойынша спираль салдыру дұрыс па

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 6 күні кері

Иа келісемін,ну погоди ше,ак ит пен кара ит,карга ше?буларды корип остик кой

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар