Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент жанындағы академияның экс-басшысы ғылым комитетінің тізгінін ұстады

Болатбек Әбдірасылов ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170325124822

Болатбек Серікбайұлы 1958 жылы Қызылордада өмірге келген. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын “физика пәнінің мұғалімі” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, биология ғылымдарының докторы, Мәскеу ақпараттандыру академиясының академигі. Әр жылдары ол Қызылорда мемлекеттік университетінде проректор, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі ақпарат және тестілеу орталығының директоры, ҚР білім және ғылым министрлігі орта және жоғары кәсіби білім департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2010-2012 жылдары министрлікте жауапты хатшы болды. Ал 2012-2016 жылдар аралығында ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Наурыз бүлдіршіндердің мерекесі болуы тиіс

Мәжіліс депутат бэби-бокс орнату мәселесін тағы көтерді

Ата Заңға қандай өзгерістер енгізілді?

Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі алғаш рет Ата заңмен бекітілді

Талқылау