Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Наурыз бүлдіршіндердің мерекесі болуы тиіс

Наурыз  – бүлдіршіндердің мерекесі болуы тиіс. Солай етсек, мейрамның мағынасы тереңдей түспек. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұлыстың ұлы күні қарсаңында осындай ұсыныс айтты.

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Наурыз бүлдіршіндердің мерекесі болуы тиіс

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Министр осылайша өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелейміз деген пікірде. Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы 22 наурызда көшеге шығып, туыстарды аралаумен ғана шектелмеу керек деп отыр. Жаңару күнінде әр азамат өз мүмкіндігінше елдің дамуына үлес қосуға ұмтылғаны дұрыс дейді. Министр бұл ретте ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырыпты.

“Мен жыл сайын отырғызамын ағашты. Енді шынымды айтайын, мен өмірде өзімнің қағидаттарымды міндетті түрде орындаймын. 1 ағаш қана емес, 1 ұл ғана емес, 1 үй ғана емес барлығы міндетті түрде. Ағаш отырғызу міндет қана емес, жан-дүниеме жақын әрекет. Неге десеңіз, ағашты отырғызып, гүлденіп жатса, оның көріктілігі елге бір жақсылық алып келіп жатса, әрине ол үлкен қуаныш”, – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

 

Талқылау