Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр көп қабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатына емхана мен балабақша салуды тапсырды

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабатына емхана салуда тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Премьер-министр көп қабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатына емхана мен балабақша салуды тапсырды

«Біз кеше СҚО-да, Петропавлда болдық. 600-ге жуық ескі үйлер сүрілді. Үлкен ықшам ауданып салынып жатыр. 2 мыңға жуық пәтер дайын. Егер бұрын бір емханаға 600 үй бекітілсе, бүгінде бұл сан 2 мыңға жетеді. Демек жүктеме артатын болады. Бірінші кезекте, тұрғызылған үйлердің бірінші қабатынан шағын және тұрғындарға жақын болатындай емхана салынуы керек», – дейді Сағынтаев.

Оның сөзінше, бұл шаралар барлық облыста жүргізілуі тиіс.

«Мемлекет басшының тапсырмасы бойынша, бұл жұмысты жүзеге асыруларыңыз керек. Тұрғын үйлердің жобасы жасалған кезде, бірінші қабатқа балабақша мен емхананы енгізу мәселесін қарастыру қажет», – дейді үкімет басшысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау