Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова Геннадий Головкиннің арқасында айыппұлдан сытылып кетті (видео)

Танымал продюсер Баян Алагөзова желідегі парақшасында әйгілі боксшы Геннадий Головкинге жанкүйерлік ететін Чехия полицейінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Продюсердің жазбасынан белгілі болғандай, олар Прагада жол ережесін бұзған. Алайда чехиялық полицей продюсердің Қазақстаннан екенін білгеннен кейін, оларды жібере салыпты. Полицейдің өзі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің нағыз жанкүйері көрінеді.

«Менің ойымша, Головкин – алматылық немесе астаналық. Ол Астанадан деп ойлаймын. Оның Максим есімді ағасы бар», – дейді полицей видеода.

Мұнан кейін полицей Головкинді жақсы көретінін айтты.

«Әрине. Мен Головкинді жақсы көремін. Ол жақта тағы Мұрат Гассиев бар. Головкиннің бапкері Абель Санчес», – дейді полицей.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыздың сахнадағы биі желіні жарды (видео)

Кенжесін айналып-толғанған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақбота Сейітмағамбет Көк базардағы сауда орталығынан қытайлық аяқ киім сатып алып жүр (фото)

Роза Әлқожа өзінің ән кешінде би билеген қызға сахнада тұрып сырғасын шешіп берді (видео)

Талқылау