Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет Көк базардағы сауда орталығынан қытайлық аяқ киім сатып алып жүр (фото)

Әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбеттің Көк базардағы сауда орталығынан қытайлық аяқ киім сатып алатыны белгілі болды. Әншінің өзі арасында желідегі парақшасында Көк базардағы дүкенге жарнама жасап қояды. Тіпті, ол жерден аяқ киім алатынын да жасырмайды, деп хабарлайды Stan.kz.

Таяуда Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында 3 туфлидің суретін жариялап, аяқ киім сатып алған дүкеннің атауын да көрсетті.

«Менің сахналық туфлилерім. Қыздар, сіздерге қалай?», – деп жазды әнші.

Өз кезегінде әнші аяқ киім сатып алған дүкендегі аяқ киімдер Пекиндегі фабрикада шығарылады екен. Дүкенде Balenciaga, Louis Vuitton және Balmain тәрізді брендтер ұсынған қымбат аяқ киімдердің арзан көшірмелері сатылуда.

Өз кезегінде Ақбота Christian Louboutin, Jimmy Choo және Sophia Webster брендтерінің аяқ киімдерінің көшірмесін сатып алған.

Оқи отырыңыз:

Роза Әлқожа өзінің ән кешінде би билеген қызға сахнада тұрып сырғасын шешіп берді (видео)

Қайрат Нұртас: Отбасымды, балаларымды өнерге бергім келмейді

Қайрат Нұртас Алматыда тегін концерт береді

Қыз бала тұсау кеспейді: Сәбидің тұсауын кескен Жанар Дұғалова сын астында қалды (видео)

Талқылау