Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойыз апаты: ІІМ-нің басшысы машинисттің қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жамбыл облысында апатқа ұшыраған пойыз жүргізушісінің қамауға алынбағанын хабарлады.

Пойыз апаты: ІІМ-нің басшысы машинисттің қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін КТК телеарнасы Астана-Алматы бағыты бойынша жол тартқан жолаушылар пойызының машинсті ұсталды, деп хабарлаған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сегіз жолаушылар вагоны рельстен шығып кеткен жерде кезекшілік еткен теміржолшылардан жауап алынған.

«Жүргізушінің ұсталғаны туралы ақпаратты кім жіберді? Бұл жалған ақпарат. Одан жай ғана жауап алынып, босатылды. Бұл дегенің бүтіндей қылмыстық іс. Осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде», – деді Қасымов үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ,  инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министр Роман Скляр бұл оқиға қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің ашық өтетінін айта кетті.

«Жоқ, ешкімді қамауға алмады. Баспасөздің бұл мәселеге назар аударып жатқандығын ескеріп, “кінәліні” іздемейді деп ойлаймын. Бұл іске қатысты тергеу нақты, әрі ашық жүргізіледі», – деп атап өтті инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министр Роман Скляр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жексенбіде Астанадан Алматыға бағытталған жолаушылар пойызының сегіз вагоны Жамбыл облысының Шу ауданында рельстен шығып кетіп, апатқа ұшырады. Аударылған пойыз вагондарында барлығы 829 жолаушы болған, олардың біреуі апат салдарынан қаза тапты. Сондай-ақ, түрлі жарақат алған 25 адам медициналық көмек алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау