Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Ақмола облысында аяздан үсіп көз жұмған электриктің өлімінің мән-жайын айтты

Ақмола облысының Целиноград ауданында 61 жастағы ер адамның мүрдесіне қатысы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Сурет: ktk.kz

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 11 қаңтарында Целиноград ауданының ІІБ кезекшілік бөліміне Р.Қошқарбаев ауылынан 500 метр қашықтықта жергілікті 1957 жылы туған ер адамның мүрдесі жатқаны туралы ақпарат түскен.

Артынша ер адамның РЭС-те электрик болып жұмыс істегені анықталды.

Ер адам 2018 жылдың 11 қаңтарында таңғы сағат 08:00-дер шамасында үйінен шығып қайтып оралмаған. Алайда бірер сағат өткен соң, оның жансыз денесі табылды.

Жүргізілген тексеру кезінде оның денесінде күш қолданудың белгілері байқалмады. Есесіне 2013 жəне 2015 жылдары екі рет инсульт алғаны анықталды. Сондай-ақ, ол 3 топтағы мүгедек екен.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша анықталғандай, ер адам суықта үсіп қалған. Ал туыстарының арызы бойынша ер адамды қатты боран болып тұрғанда жұмысқа шақырған көрінеді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осыған байланысты тексеріс жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін боранда жұмыс істеуге мәжбүр болған электриктің аяздан үсіп көз жұмғанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Қытайда қаза тапқан қазақстандық қыздың өлімінің мән-жайы белгілі болды

Танымал самбошы Ақтөбе облыстық спорт басқармасының басқарушысын жекпе-жекке шақырды

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Сәкен Майғазиев: Әйелім 7 жылдан бері намаз оқиды

Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті (видео)

Талқылау