Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер қырғыз нөмірлі автокөліктерді жаппай айып тұрағына қамап жатыр

Алматы облысында тәртіп сақшылары қырғыз нөмірлі автокөліктерді жаппай айып тұрағына қамап жатыр. Әкімшілік кодексті негізге алған полицейлер Қазақстанда тіркеуде жоқ көліктерді енді біржола елден шығаруға шындап кіріскен.

avto_kyrgyzstan_lsm

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Төленбеген айыппұл көлемі бойынша екінші орында тұрған Алматы облысының тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне шүйлікті. Прокуратура қызметкерлерімен бірлесе жол бойына шыққан полицейлер заңды өрескел бұзған мен айыппұлы жиналғандарды анықтап, қырғыз көліктерін жаппай тұраққа қойды.

“Енді естіп жатырмыз болмайтынын. Тек қырғыз азаматы айдау керек екенін. Енді қырғыз көлігімен жүрмейтін боламыз”, – дейді жүргізушілердің бірі.

“Борышкер” арнайы шарасына білек сыбана кіріскен полицейлер жол ережесін елемейтін ондаған жүргізушіге хаттама толтырып, көліктерін тұраққа тоғытты. Қырғыз көлігін тізгіндегендер алғашында Қазақстан аумағында заңсыз жүргендерін мойындағысы келмеді.

“Жүргізіліп жатқан “Борышкер” шарасы бір күндік жұмыс емес, күнделікті жүргізіле береді. Тек Жамбыл ауданы емес, бүкіл Алматы облысы бойынша. Сондықтан жүргізушілерге қосымша ескертіп жатырмыз”, – деді Жамбыл аудандық ІІБ басшысының орынбасары Алмат Рақымбаев.

Бір сағатта мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ 3 көлік пен мүлдем құжаты жоқ төрт көлік анықталды. Ал қырғыз нөмірлі 7 көліктің жүргізушілеріне хаттама толтырылды. Қазақстанда заңсыз жүрген көрші елдің көліктерін қыспаққа алу жалғаса бермек.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында үйі өртенген отбасы далада қаңғып қалды

Алматы түрмесінде трансгендерді көру үшін қызметкерлер мен қылмыскерлер кезекке тұрды

Мен өлі адамдай күйде болдым: Жібек Мусинова зорлау ісі жайлы ашық айтты

Күтпеген жағдай: Резинадан жасалған еркектер қазақстандық әйелдердің сұранысына ие

Талқылау