Петропавлда суға ағып кеткен қыздың денесін малшы тауып берді
Петропавлда үш күн бұрын суға ағып кеткен қыздың денесі табылды. Өзен бетіне қалқып шыққан мәйітті алғашқы болып жақын маңдағы ауылдың малшысы көрген, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Сурет: newstes.ru
Ол дереу төтенше жағдай қызметі мен еріктілерге хабар беріпті. Жеткіншектің денесін ағысы қатты өзен оқиға болған жерден 12 шақырымға дейін ағызып әкеткен екен. Естеріңізге салсақ, 9 жасар Виктория Королева атасымен балық аулап жүріп Есілге құлап кеткен еді. Оны іздеу барысында құтқарушыларға 300-дей ерікті көмектесті. Үш күн бойы өзен жағасын тінткен олардың каратэші қызды тірі табамыз деген үмітттері ақталмады.
Жіберіп алмаңыз:
Ақмола облысында суға батып кетті деген әйел тірі табылды
Петропавлда полицейлер өзенге батып бара жатқан студентті құтқарып қалды
Арнайы жасақ қызметкері суға батып баражатқан жасөспірімді құтқарып қалды
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан