Ақмола облысында суға батып кетті деген әйел тірі табылды
Ақмола облысында Нұра өзеніне батып кетті деп болжанған әйел тірі күйінде табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Целингорад ауданындағы Нұра өзенінің жағасын Көкшетау мен Астанадан келген іздеу отрядтары түгел тінтіп, 1960 жылы туған әйелді іздеген болатын.
“Әйел өлер алдында хат жазып, сосын Нұра өзеніне батып өлмекші болған. Құтқарушылар мен арнайы топ өзен айналасын қарап шыққанымен еш нәтиже берген жоқ”, – деді төтенше жағдайлар департаменті.
Алайда жоғалған әйел туыстарының қасынан тірі күйінде табылған.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"