Арнайы жасақ қызметкері суға батып баражатқан жасөспірімді құтқарып қалды

Жұма, 10 Маусым , 2016 8:56

Арнайы жасақ қызметінің аға инспекторы жұмысқа барар жолда Сарыбұлақ өзеніне батып баражатқан жасөспірімді құтқарып қалды. Аға инспектор баланы судан шығарып, алғашқы көмек көрсеткен.

спас

Астана Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі полиция капитаны Өміржан Темірбеков 12 жасар баланы ажал аузынан аман алып қалды деп жазады.

Оқиға Сарыбұлақ өзенінде күндізгі сағат 12:30-дар шамасында болған.
Полиция қызметкері жолда кетіп жатқан жерінен көмек сұрап айқайлаған балалардың даусын есітіп қалады. Олар суды көрсетіп Темірбековтен жылдам көмек көрсетуін сұраған. Үстіндегі киімен жолай шешіп суға секірген Өміржан тыныс алуын тоқтатқан баланы көтеріп алып шығады.

«Капитанның сөзінше бала сол кезде тыныс алмай тұрған. Көгеріп кеткен. Ол бірден балаға қолдан тыныс алдырып, жүрек тұсын ұқалай бастаған. Осыдан кейін барып жедел жәрдем шақырған»,-дейді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жетіп келген дәрігерлер полиция қызметкері алғашқы көмекті дер кезінде әрі орынды көрсете білді деген.
«Баланың анасы Жанар Айтүреева өз ұлының құтқарушысына алғысын жаудырды. Полиция капитанына жұмысында сәттілік тіледі.

Ал Өміржан Темірбек болса «Дәрігерлер рұқсат берген күні Батуханның жағдайын сұрап кіріп шығамын» деген. Батуға суға батып кете жаздаған жасөспірімнің есімі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар