Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда 5 балалы отбасы бір бөлмелі суық үйде тұрып жатыр

Петропавлда жеті шаршы метр болатын аядай бір  бөлмені жалдап, адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан көпбалалы отбасы көмекке мұқтаж. Басында баспаналары жоқ жанұя тіпті балалары үшін жәрдемақы да алмайды.

Қасымовтар отбасының үш жылдан бері паналап отырған шаңырақтары осы. Жамауы көп есік-терезелерден ызғар жел соғып тұрады.

Осындай жағдайда тұрып жатқан әулет мүшелері тіпті бір бөлмеге сыймағандықтан тамақты екіге бөлініп ішеді екен. Жеті шаршы метрден әрең асатын аядай бөлмеде жеті адам болып тұратын үйдің балаларының бар арманы баспаналы болу.

«Мен өз үйім болса екендеп армандаймын. Өз бөлмем болса екен»,-дейді оқушы  Анжелика Қасымова.

Натальяның күйеуіне ас ішегінің төмен түсіп кетуі диагнозы қойылған. Үшінші топтағы мүгедек ауыр жұмыс істей алмайды, бір келіден артық салмақты көтеруге тыйым салынған. Сол себепті екі қолға бір күрек таппай жүрмін дейді.

Ал эпилепсиямен ауыратын 7 жасар баланың да кез келген уақытта талмасы ұстап қалады. Жанұядағы екі мүгедек адамға көмектесу үшін үйден шыға алмаймын деген Наталья көпбалалы ана ретінде жәрдемақы алуға тіркеудің машақаты қолбайлау дейді.

«Өз баспанамыз жоқ. Сондықтан ешкім 7 адамды бір-ақ тіркеуге алғысы келмейді. Отын жоқ, көмір жоқ. Ештеңе алған жоқпыз. Мен екі мүгедекті бағамын. 60 мың, біреуіне 20 мың аламыз»,-дейді көп балалы ана Наталья Қасымова.

Әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер бұдан артық еш көмек көрсете алмаймыз дейді. Кедейлік шегі  9411 теңге, ал отбасының қаражаты жан басына жаққанда ол сомадан көп дейді.

“Мемлекеттік әлеуметтік көмек кедейлік шегі мен отбасындағы жан басына шаққандағы табыс айырмасымен көрсетіледі. Оларда жан басына шаққандағы табыс көлемі кедейлік шегінен асып тұр”,-дейді Петропавл қаласы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Асхат Құсайынов.

Яғни, отбасы бір үйде тұрып, сол жерде тіркелген болмаса мемлекет балаларға беретін жәрдемақыдан да қағылады дейді. Ал Петропавл қаласында барлығы 398 көпбалалы отбасы тұрады екен

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе облысындағы мешіт имамдарының бірі оқушы қызының орамалын шешкізбей жүр

«Ағайынды төртеу» лақап атымен белгілі Еркін Ізбасардың бір жыл бойы жуынбағаны айтылды

Мәжілістің вице-спикері: Қазіргі БАҚ-тан кімнің кімге күйеуге шыққанын оқудан шаршайсың

 

Талқылау