Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Педофилді ұрған полицейдің өзі сотталуы мүмкін

Қарағанды облысында педофилді ұрған полицей жазалануы мүмкін. Ол қазір қамауда отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

20170724215209-768x512

Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлаған қаскөй өз пәтерінде ұсталған болатын.Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жас сержант ашуға беріліп, күдіктіні ұрып жіберген. Бұл кадрлар лезде ғаламторда тарап кетті.

Кадрларда полиция қызметкері бастапқыда камерасын қосып, кейін жартылай ашық тұрған есікті құлыптап жабады да, күдіктіге аяғымен бірнеше рет белден төмен соққы жасайды.

Қазір оған қатысты «билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Сержант жұмысынан қуылып, қамауға алынған. Алайда қалың жұртшылық құзырлы органның шешімімен келіспеуде. Олар педофилді ұрған полиция қызметкерін жазаламауды сұрап отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай  ер адам 5 жасар қызды алдап пәтеріне апарып, зорлағанын мойындаған еді. Тергеу аяқталған соң сержант шеніндегі қарауыл ашулықтан өзін ұстай алмай педофилді соққыға жықты. Ал дәрігерлер қыздың жағдайы орташа қалыпта деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Мысырда жоғалған қазақстандық студенттер табылды

Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан 5 науқастың жағдайын айтып берді

Мемлекеттік білім грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

Құлағы кіші жігіттер “жүргіш” келеді: Келіншек қыздарға күйеуді қалай таңдау керектігін айтты

Талқылау