Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған педофилді соққыға жыққан полицей қызметінен қуылды (видео)

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында педофилді соққыға жыққан қарауыл жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170724215209

Бұған дейін хабарлағанымыздай Сәтбаев қаласында ер адам 5 жасар қызды алдап пәтеріне апарып, зорлағанын мойындаған еді. Тергеу аяқталған соң сержант шеніндегі қарауыл ашулықтан өзін ұстай алмай педофилді соққыға жықты.

Бұл үшін ІІД тарапынан бұйрық түсіп, лауазымын асыра пайдаланғаны үшін қарауыл қызметінен босатылады. Оның әрекеті тәртіпсіздік деп танылып, басшылығы да жазаға тартылды, деп мәлімдеді ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Тіпті қарауылдың әрекеті үшін тергеуші де тергеу амалдарынан босатылды. Ал, жәбірленуші қыздың әкесі қарауылдың әрекетін дұрыс деп отыр.

«Ол адам күдікті болғанымен оның кінәсі дәлелденіп отыр. Баланы зорлағанын өзі де мойындаған. Тіпті, ол істеген ісіне өкінеді де. Қорқып қалған, жылап отырған қызды полициейлер бөлмелердің бірінен тауып алған. Мұндай сұмырайларды енді қалғаны бәлсіндіру ме? Ол баланың өміріне балта шауып отыр. Мұндай санаттағы қылмыстарға қашан қатаң жаза болмақ?», – деді туысы.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады!

Тағы да оқыңыз:

Египетте 6 қазақстандық студент жоғалып кетті

Талқылау