Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Египетте 6 қазақстандық студент жоғалып кетті

Египетте тіл үйренуге барған 6 қазақстандық студент жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170724204956

Дипломаттарға жоғалып кеткен студенттердің туыстары мен жақындары хабарласты. Жоғалып кеткен 6 қазақстандық – Мысырдағы оқу орындарының бірінде тіл курстарының студенттері. Олар байланысқа шықпай қалды және қазіргі уақытта оларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Каирдегі Қазақстан елшілігі Египеттің сыртқы істер министрлігіне іздеу жұмыстарына көмек беру туралы нота жіберді. Жауап күтіп отырмыз», – деп жауап берді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Еске сала кетсек, Египетте жоғалып кеткен Қанат Берікке Facebook арқылы іздеу жарияланды. Айбол Исабек есімді қолданушының жазуынша, Қанат 11 шілде күні досы Еламан Жазылханмен Египетке ұшып кеткен.

“11 шілде күні Египетте Қанат Берік жоғалып кетті. Алматыдан Шарджға ұшып кеткен. Шардждан Александрияға кетті. 20 шілдеден бастап екеуі де байланысқа шыққан жоқ. Египеттегі Қазақстан елшісі Ершат олардың қайда екенінен хабарсыз. Көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Соңғы ақпарат бойынша тағы 4 қазақстандық бала жоғалған. Барлығы 6 Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр”, – деп жазды ол желіде.

Тағы да оқыңыз:
Талқылау