Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық студенттер қымыздан балмұздақ жасамақ

Алматыда «Enactus Kazakhstan Expo 2016» студенттер арасындағы кәсіпкерлік идеяларының байқауы аяқталды.

B062D3FFB068-42

Фото: kazakh-zerno.kz

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Конкурста Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет студенттерінің «KoumIce» (КумАйс) жобасы үздік деп танылды. Жастар қымыздан балмұздақ жасау технологиясын көрсетті.

Жеңімпаз команда Қазақстанның намысын Торонтода өтетін халықаралық байқауда қорғайтын болды.

“Жастарды қолдау – Қазақстан болашағына құйылған инвестиция деуге болады. Enactus аясындағы институт қалыптасқан кәсіпкерлер мен жас кәсіпкерлердің арасындағы дәнекер болып отыр. Әлемде 60 мыңға жуық студент Enactus бағдарламасының арқасында идеяларын жүзеге асырып келеді”, – деді Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы, Raimbek компаниясының басшысы Райымбек Баталов.

Павлодарлық команда “Қазақстанды қалай асыраймыз?” арнайы жүлдесін жеңіп алды.


Оқи отырыңыз:

Мамытбеков “құрғақ қымыздың” Қазақстанға қанша табыс алып келетінін есептеп шықты

Қазақстан спортшылары допинг емес қымыз ішіп нәтижеге қол жеткізген

Талқылау