Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан спортшылары допинг емес қымыз ішіп нәтижеге қол жеткізген

Қазақстандағы аралас жекпе-жек шеберлері допинг қабылдамайды Керісінше, оның орнына қымыз ішеді. Яғни ұлттық сусынымыз спортшыларға керемет күш пен мұқалмас жігер беруде екен.

аааааккиииммм

Бұл туралы  24.kz хабарлайды.

Осының арқасында биыл жерлестеріміз әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде II орынға шықты. Нақтырақ айтсақ, қоржынымызда 5 күміс пен 1 қола жүлде бар. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы 2015 жылы бірнеше халықаралық және құрлықтық додада топ жарды. Ерекшелігі сол, қымыздың осындай құдіреттілігін естіген басқа елдің спортшылары да оны сұратып ішеді екен.
«Осы қымыздың арқасында төрткүл дүниеге танымал ресейлік Сергей Харитонов биыл жеңіске жетті. Яғни ол елімізде жүргізген жаттығу жұмыстарында үнемі ұлттық сусынды қолданды. Кейін «Мені жеңіске жетелеген қымыз» деген болатын», – дейді Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Ким.

Талқылау