Мамытбеков “құрғақ қымыздың” Қазақстанға қанша табыс алып келетінін есептеп шықты

Сенбі, 23 Қаңтар , 2016 10:54

Қазақстан бие сүті арқылы миллиардтаған доллар табысқа кенелуі мүмкін. Бұл жайлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өзінің фейсбуктағы парақшасында жария етті.

12495003_475081682678874_5363514257236964282_n

«Өткен жылы Қарағанды облысында бие сүтінен құрғақ концентрат өндіріп шығаратын зауыт ашылды.  Бұл  – ZollMann Stutenmilch GmbH неміс компаниясының табиғи бие сүтінің биологиялық құндылығы мен пайдалы қасиеттерін сақтай отыра пастерлеу және кептіру бойынша инновациялық технологиясы негізінде жүзеге асады.

Жоба барысында сүтті тек өңдеп қана қоймай, оны өндірумен де айналысу қарастырылып отыр. Қазіргі таңда жылқылар сатып алынып, сауын құрылғылары орнатылды. Зауыт өнім шығаруды бастап кеткен.

Бұл – адам ағзасы үшін өте пайдалы өнім. Емдік қасиеті  бар (иммунитетті көтереді, асқазан-ішек, бауыр және т.б ауруларды емдейді). Балаларға да, ересектерге де қолдануға болады. Жобаны жүзеге асыру бастамасын көтеруші ретінде “SAUMED” (қазақша жаңа сауған бие сүті – САУМАЛ) саудалық белгісі тіркелді.

Бұл бие сүтінен жасалатын “құрғақ қымыз” болашақта ірі экспорттық тауарлардың біріне және еліміздің ұлттық брендіне айналуы мүмкін.

Бүгінде елімізде жылқы басының саны 2 миллионға жетті. Ары қарай өсу мүмкіндігі де бар.

100 мың биенің қайта өңделген сүті 1 млрд доллардың өнімін бере алады (орташа сауымы 500 литр, концентрат шығымы 1/10 , бағасы 200 $/ кг). Осылайша, ұлттық сусын қазіргі жағдайда маңызды болып табылатын ірі валюталық түсім көзіне айналуы мүмкін»,- деп жазады министр.

кымыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар