Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жағдайы жоқ студенттер бюджет есебінен оқытылмақ

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ЖОО-ның медицина саласында білім алуға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жоқ студенттерді бюджет есебінен оқытуды тапсырды. Әкім мұндай пікірді жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңестің отырысында білдірді.

Сурет: inform.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат басылымы хабарлайды.

“Студент немесе оның отбасы өмірде қиын жағдайға тап болатын сәттер орын алады. Сондықтан кейде оқуын тастап кетуге мәжбүр болады. Мұндай жағдайда бюджет есебінен оқу ақысын төлеуді ұсына аламыз. Дегенмен университетті аяқтағаннан кейін жас маман біздің өңірге келіп, кем дегенде бес жыл еңбек етуі тиіс. Біз осылайша 4-5 жылдың ішінде оқыған дәрігерді тарта аламыз. Бұл үшін әрбір аудан мен қаланың басшылары қандай мамандардың жетіспейтінін анықтап, бюджетте қажет ресурс қарастыруы тиіс”, – дейді әкім.

Мұнымен қатар, кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу үшін Семей мемлекеттік медициналық университетіне барып келуді ұсынды. Алдағы уақытта жергілікті қазына есебінен оқытылатын мамандықтарды тізімге енгізу тапсырылды. 1 қыркүйек күні Павлодарлық колледждердің түлектерінің 99,1%-ы жұмысқа кіріскен.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда Қытай консулдығынан виза ала алмаған жұрт шу шығарды

Ақтөбелік турфирма мүгедек екенін білген соң, оқушыны ЭКСПО-ға апармай қойған

Тағы бір ірі әуе компаниясы керосиннің тапшылығын тартып отыр

Өскеменде Абай Құнанбаевтың әлемдегі ең үлкен бейнесі пайда болды

Талқылау