Тағы бір ірі әуе компаниясы керосиннің тапшылығын тартып отыр

Сәрсенбі, 27 Қыркүйек , 2017 22:27

«Эйр Астана» әуекомпаниясының соңынан іле шала «Қазақ эйр» де, авиациялық жанармайдан тапшылық көріп отырғандарын мәлімдеді, деп хабарлады КТК.

Тіпті бұлардың қорындағы отын қазанның ортасында таусылады екен.

«Жанармайдан «Эйр Астана» ғана қиындық көріп отырған жоқ. Біздің де артық отын таусылуға шақ қалды. Ресейден жанармай жеткізіп беріңіздер деп, біренеш жерге хат жаздық. Өтінішімізді кері қайтарды», – дейді  “Qazaq Air” төрағасы Блэр Трехерн Поллок.

Қазір Энергетика министрлігі бұл мәселені шешуге тырысып жатқанымен, нәтиже жоқ. Отандық үш зауыт ішкі сұраныстың тек жартысын қамтамасыз етеді екен. Әуе кемелері тұтынып жүрген авиакеросиннің қалған бөлігі импорттық. Ал елімізге негізгі отын жеткізуші Ресейдің өзі тапшылық көріп отыр. Еске салсақ, бұған дейін «Эйр Астана» да жанармайдың жетіспешілігінен әуе рейстердің барлығы тоқтап қалуы  мүмкін деп дабыл қаққан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік турфирма мүгедек екенін білген соң, оқушыны ЭКСПО-ға апармай қойған

Өскеменде Абай Құнанбаевтың әлемдегі ең үлкен бейнесі пайда болды

Қайырымды жандар денесінің сау тамтығы қалмай күйіп кеткен қызды толық емдетуге уәде берді (фото)

Шымкентте полиция қызметкері қыздың ішінен ұрып тастады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар