Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайырымды жандар денесінің сау тамтығы қалмай күйіп кеткен қызды толық емдетуге уәде берді (фото)

22 Жастағы Мадина тұрмысқа шыққанына тоғыз ай болған кезде жолдасымен бірге жол-көлік оқиғасына тап болған. Күйеуі сол жерде қайтыс болып, жас келін жанған көліктің ішінде қалып қойған. Дәрігерлер қыздың  тірі қалғанына таң қалған,-деп жазды Stan.kz   тілшісі.

Ол Шымкент қаласында бірнеше уақыт бойы  дәрігердің қарауында болған. Соңында үйіне жіберілген. Бірақ мойын, құлақ, бет терісі қатты тартылып, аузы жабылмайтын күйде еді.  Ол әлі де өмір сүргісі келетінін айтып БАҚ арқылы талай бағдарламаларға қатысып та үлгерген. Мұны көрген қайырымды жандар бірігіп, Мадинаның арманын орындау жолында жұмыс істей бастады.

«Мадина осындай бағдарламаларға қатысып жұрттың сынына қалыпты.Біреулер оған хабарласып «өтірік айтасың» деген. Енді біреулер көмектесеміз деп сеніміне кіріп, алдап кеткен. Біз адал ниетімізді айтқан кезде оның қуанғанын байқамадық.

Ақырында Шардара қаласына барып, онымен жүзбе-жүз сөйлесуге тура келді. Әкесі екеуіне Кореяға билет алып, өзім ертіп бардым. Оны дәрігерлер тексеріп, отаның уақытын айтқан кезде ғана біздің әрекетімізге сеніп отырғанын айтты»,-дейді  Жайнар Мұқатайқызы.

Корей елінің дәрігерлері мынандай ауыр жағдайдағы қыздың отасын алудан бәрнеше мәрте бас тартыпты. Ең соңында тәжірибелі дәрігерлер қызмет ететін клиника ғана келіскен.

«Олар қыздың иммундық жүйесі әбден әлсірегенін айтты.Қазақстандық дәрігерлер қолдарынан келгенше оған көмектесуге тырысқан. Бірақ одан түк шықпаған.

Қайта бетіне саны мен арқасынан алып қойған терілер бітпеген. Кейіннен оны алып тастаған. Содықтан кореялық дәрігерлер оның денесінде сау терінің қалмағанын айтты. Тексеру барысында қыздың мойын терілеріне жедел ота жасалу қажеттігі анықталды.

Себебі мойын еш қозғалмайды. Ол солайымен тұраберсе қыздың денсаулығына, өміріне қауіп бар екен. Содан бірден мойынға арқа мен аяқтан тері алып қойылды. Беті мен құлағына да тері қою керек. Мадинаның денсаулығы көтермейтін болып шықты.

Тағы бір алты айдан кейін келесі оталар жасалады деп жоспарлап отырмыз. Оған дейін Мадина күш жинап,иммундық жүйесін күшейтіп, мойын отасы жазылып қалады деген сенімдеміз»,-дейді Жайнар Мұқатайқызы.

Алты сағатқа созылған алғашқы отаның сәтті шыққанына Мадинаның өзі мен демеушілер қатар қуанған. Енді тиісінше күтімдер жасалса  қыздың мойын терісі  бір қараған адамға ештеңе болмағандай көрінуі әбден мүмкін.

Қайғылы жағдайға тап болған қызға көмек қолын созған топ оның толық жазылып кетуін өз бақылауында ұстамақ. Яғни келесі оталарда да басы-қасында жүріп, тәжірибелі мамандарға ота жасатпақшы.

«Біз косметология саласында жұмыс істегендіктен Мадинаға қандай көмек керек екенін білдік. Барлығымыз бірігіп ақша жинап берсек те болатын еді. Бірақ нағыз маманды таңдай алмайтын адам оны бекерге желге ұшыруы да ғажап емес.

Сондықтан шетелдік әріптестерімізге өтініш айта отырып зардап шеккен адамға қажетті көмекті берейік деп шештік. Мадинаның әкесінің айтуынша оның әбден ота көрген денесі қансырап жүріпті.

Шардараның ыстығында суланған теріні шаш кептіретін құрылғымен құрғатып отырған. Ыстыққа шыдамай терісі иістеніп те кеткен кездері болыпты. Мұндай ауыр күйікті қазақстандық мамандар емдей алуы да екі талай еді»,-дейді Жайнар Мұқатайқызы.

Мадинаның алғашқы еміне 60 мың АҚШ долларына шамалас қаржы жұмсалыпты. Демеушілер алдағы отаға да өз қалталарынан шығаратындарын растады.

Оқи отырыңыз:

Сиви кәсібін сақтап қалу үшін сотқа арызданған көршісіне Алматыдан пәтер алып берді (фото)

Асхат Садырбай ажырасқалы Ерке Есмахан жайлы алғаш рет бар шынын айтты

“Меломен” тобы өздеріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

“Отасқанымызға 2 жыл”: Арман Қоңырбаев Аша Матайға ерекше сыйлық жасады (фото)

Ақсүйек және модель: Продюсері Төреғалидің жары Толқынды сипаттап берді

Талқылау