Павлодарда қайтыс болған кадет оқушысының туыстары баланы біреулердің қорқытқанын айтты

Павлодарда өз үйінен өлі табылған әскери кадет мектебінің оқушысының анасы баласына біреулердің қоқан-лоқы жасап, ақша талап еткендігін айтты. Бұл туралы әлеуметтік желілерде баланың анасы жазған хат тарап кетті, деп жазды ҚазАқпарат.

Қайтыс болған кадеттің анасы Оксана Гавриш бұқаралық ақпарат құралдарына жазған ашық хатында ұлы өлген күні  пәтердің сыртқы есігінің ішкі жағынан зақымданғанын, демек баласының біреулерден қорғануы мүмкін екендігін атап өтеді.

«Даниилде ісік болғанын және есіктің бүлінгендігін полиция қызметкерлеріне тіркеуге алуды өтіндік. Осы уақытқа дейін ұлымның өліміне байланысты материалдардың өндірісі кімге екендігін білмеймін, менен де жауап алған жоқ. Түсініктемені Даниилдің мүрдесі үйден табылған кезде бердім. Есеңгіреген халде болғандықтан шынымды айтсам не жайында сұрағандары да есімде жоқ. 2 ақпан күні Павлодар қалалық ІІБ-нің орталық бөліміне жүгіндім, баламның ісі қалай ілгерілеп жатқанын білу үшін бір сағаттан астам тұрдым. Алған жауабым: «сараптама нәтижесін күтудеміз» болды», – деді Оксана Гавриш.

Оның айтуынша Даниил өлгеннен кейін шамамен 1,5 аптадан соң оның телефон қоңырауларының жазбасы алынған. Осы ретте ол баласының өліміне қатысты тың фактілердің де бар екендігін айтады.

«Осы уақытқа қоқан-лоқы жасалған интернет жазбалары да тексерілген. Заңгер емеспін, бірақ тіпті қарапайым бастапқы тергеу іс-қимылдарының да жүргізілмегендігін түсінемін. Қолымда мәйітхана берген жазба бар. Онда қаза болу себебі: «Анықталмаған заттың токсикалық әсері» деп жазылған. Біз 21 ғасырда өмір сүргендіктен қандай заттан өлгендігін анықтай алмауды түсіне алар емеспін. Меніңше, аса ауыр қылмысты, менің ұлымның өлімін жасырушылық жүріп жатыр», – деді баланың анасы.

Даниилдің ағасы Вадим Гавриштің айтуынша, оның жеке жазбаларынан ақша табуды талап еткен хат табылған.

«Белгілі бір соманы жинау жайында айтылады. Соманың қаншалықты екендігі белгісіз. Бірақ, жәбірлейміз деп қорқытқан. Мұның бәрі де скрин.шоттар, аудиохабарлар бар», – деді ол.

Ал Павлодар болыстық ІІД аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын, сараптамалар тағайындалғандығын мәлім етті. Сонымен қатар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі көз жұмған кадеттің анасы Оксана Гавришті бүгін Павлодар қалалық ІІБ орталық бөлімінің бастығы қабылдайтындығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қаңтар күні Павлодар облыстық мамандандырылған әскери кадет мектебінің оқушысының мүрдесі үйінен табылды. 13 қаңтардан ол үйде болған, тырнағына ота жасату керек болғандықтан анасы оны интернаттан сұрап алған.

Тағы оқыңыз:

ОҚО тұрғындары автокөлік сатып алудан көш бастап тұр

Тұрғын: Маған 2 миллиард беріңіз, Арқалықты Дубайға айналдырамын 

Қаржы министрлігі қызметкерлері жұмыс орнында криптовалюта өндірді деп күдіктелуде 

Ұлттық банк шетел валютасымен ипотека рәсімдегендерге жеңілдік жасап жатыр 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар