Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк шетел валютасымен ипотека рәсімдегендерге жеңілдік жасап жатыр

Қазақстанның Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге шетел валютасымен ипотекалық несие рәсімдегендерді пәтерлерінен шығармауын тапсырды. Қаржы бақылаушы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға арналған бағдарламаны кеңейтіп жатыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Екінші деңгейдегі банктермен алдын-ала талқылау нәтижелері бойынша қайта қаржыландырудың негізгі талаптар мен шарттар әзірленуде.

Осыған байланысты Ұлттық Банк ЕДБ-ге  қарыз алушыларды шығару процедурасын тоқтату туралы хабарлама жіберді. Онда қарызды өндіріп алатын мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына жіберілген тізімді қайта қарауларын тапсырған.

Осылайша Ұлттық банк 10 қаңтардан бастап президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындауға кірісті. Мемлекет басшысы 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін рәсімделген шетел валютасындағы ипотекалық несиелер туралы мәселені шешуді тапсырды.

Жіберіп алмаңыз:

Былтыр еуро және теңгемен депозит ашқан қазақстандықтар айтарлықтай пайда тапқан 

БЖЗҚ активтері жыл соңында жеке компаниялардың басқаруына беріледі 

Шетелге кетіп қалған қазақстандық бизнесмен елге оралатын болды 

 

 

Талқылау