Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғын: Маған 2 миллиард беріңіз, Арқалықты Дубайға айналдырамын 

Арқалық қаласының әкімі Амантай Балғариннің есеп беру жиынына келген жергілікті әйел облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтен қаланы дамытуға бөлінген қаржыны өзіне беруін сұрады. Ол Арқалықты Дубайға айналдыруға уәде берді.

Бұл туралы Костанайские Новости хабарлады.

Өзін мандатсыз депутатпын деп таныстырған тұрғын халықтың өтініші бойынша келіп тұрғанын айтты.
“Арқалыққа өте көп қаржы бөлініп жатыр, керемет. Алайда бұл ақша шенеуніктердің қалтасында кетпесе жақсы. Халық Кейкі батырдың сүйегін жерлеуге екі миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалғанын айтып жүр. Сіздер маған осы Арқалыққа бөлініп жатқан миллиардтарды беріңіздерші, мен қаланы екінші Дубайға айналдырамын! Мен ешкімді айыптамаймын, бірақ ақшаның желге ұшып жатқанын сеніммен айта аламын”, — деді әйел.

Оның айтуынша, ТБРУ (Торғай боксит кенін басқару) қаладан теріс айналды. Арқалықтың оларсыз жұмыс істеп тұрғанына көп болды. Жастар театрының жөндеуіне 675 миллион теңге бөлді. Бірақ, жөндеуден кейін де шатырынан су ағып тұр.

Қостанай облысының әкімі тұрғыннан дәлел келтіруді сұрады. Егер нақты дәлелі болса, құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес берді.

“Иә, Арқалыққа ақша бөлініп жатыр, алайда оның өзі жеткіліксіз. Араларыңыздан қаланы Дубайға айналдырамын дейтіндер табылып жатыр – мұның бәрі құр сөз. Қазір қала әкімі 20 минут сөйледі, әр теңгенің қайда жұмсалғанын түсіндірді”, — деді Архимед Мұхамбетов.

Арқалық әкімі Кейкі батырдың сүйегін жерлеуге бөлінген қаржыға тоқталып, салтанатты рәсімнің арқасында жолдар жөнделіп, су құбырлары тартылғанын еске салып өтті. Оның айтуынша, тұрғындар оларды қазір де пайдаланып жатыр, сондықтан ақша желге ұшқан жоқ.

Ал, жастар театрының жөндеуіне шын мәнінде 675 миллион емес, 150 миллион теңге бөлінген екен. Сондықтан, Архимед Мұхамбетов жалған ақпарат таратқан тұрғынды сот арқылы жазаға тартуды ұсынды.

Тағы оқыңыз:

Қаржы министрлігі қызметкерлері жұмыс орнында криптовалюта өндірді деп күдіктелуде

Ұлттық банк шетел валютасымен ипотека рәсімдегендерге жеңілдік жасап жатыр 

БЖЗҚ активтері жыл соңында жеке компаниялардың басқаруына беріледі 

Талқылау