Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қарулы қарақшылар миллиондаған сомаларды қолды етіп келген

17 қазанға қараған түні Ақтоғай ауылында белгісіз біреулер пластик терезені майыстырып, «Ақтоғай Агро» ЖШС-ның кассалық бөлмесіне енген.

vzlomjpeg-e1393416475199

Одан әрі сейфті бұзып, ішінен 15 млн. теңгені қолды етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ірі ұрлық фактілеріне күдікті 4 адамнан қару-жарақ, 4 көлік пен ірі көлемдегі ақша қаражаты тәркіленді.

Қылмыстың бетін ашу үшін облыстық ІІД аппаратының тергеу және криминалдық полициясының тәжірибелі қызметкерлерінен құралған арнайыландырылған шұғыл-тергеу тобы құрылды. Бұрын істі болған тұлғалар қайта тексерілді. Полицейлердің назарына бірнеше адам түскен. Тексеру барысында, олардың екеуі қазан айында Ақтоғай ауданына барғаны анықталды. Кейін із кесушілер аталмыш тұлғалар ірі ұрлық оқиғалары орын алған Павлодар облысының өзге де аудандарында болғанын анықтады.

Бірқатар іс-шаралар өткізгеннен кейін шұғыл топ күдіктілердің ізіне түскенін нақты білді. Барлық фигуранттар бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған және өздерін аса сақ ұстаған. Оларды қылмыс үстінде ғана ұстау қажет болды. Күдіктілердің ЖШС-лардың біріне ұрлыққа түсу жоспарларын полицейлер алдын ала біліп, іздерінен бақылаған. Қазанның 27-сінен 28-іне қараған түні күдіктілердің үшеуі қоршаудан секіріп түсіп, ЖШС-ның аумағына енген.

Қоймада тұрған сейфтен бір жарым миллион теңгені қолды еткен. Бірақ алысқа ұзай алмады. Арнайы бөлімшенің қызметкерлері және шұғыл топ салонда үш күдікті болған «ВАЗ-21099» маркалы көлікті тоқтатты. Көліктің ішінен сондай-ақ ірі сомадағы ақша, пневматикалық пистолет, ОСА пистолеті, газ болландары табылды. Күдіктілердің «Форд-Маверик», «Тойота -Хайландер», «Мазда» және «ВАЗ 21099» көліктері айыппұл тұрағына жеткізілді.

«Тергеушілердің қолында олардың Павлодар облысы аумағында 20-ға жуық қарақшылық қылмысын жасағандығы туралы айғақтар мен күдіктілердің мойындау түсініктері бар. Ұрлық фактілерінің 8-і қоғамда резонанс тудырған миллиондаған сомаларға қатысты», – делінген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда есірткі сатқан 75 жастағы әже сотталды

Шымкент жүргізушілері жол көлік оқиғасының жиілеуіне қатысты құдайы тамақ берді

Жамбыл облысында биіктен құлап мүгедек болып қалған азаматқа шұғыл көмек қажет

Өскеменде сатушы тоқаштарды лақтырып қаруланып келген ұрыны қуған

Талқылау