Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ішінде жолаушылары бар автобус өртеніп кетті

Павлодар қаласында жолаушылар автобусынан өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін сағат 13:33 шамасында Павлодардағы №22 бағытындағы автобустың қозғалтқышынан өрт шықты. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін қоғамдық көліктен 10 адам қауіпсіз жерге шығып үлгерген.

Өрт 13:47-те сөндіріліп, 14:03-де толығымен ауыздықталды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ», – деді Руслан Иманқұлов.

Руслан Иманқұловтың сөзінше, автобус өртін сөндіруге Павлодар облысы өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз:

Алматы орталығында қымбат көлік отқа оранды (видео)

Атырауда әкесімен сөзге келіп қалған ер адам өзін өртеп жіберді

Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды

“Қоңыр” тобының бұрынғы әншісі: Жұрт ойлағандай опық жеп қалған жоқпын

Талқылау